Мектеп әжетханаларының жай-күйі туралы хабарлауға болатын «жедел желі» іске қосылмақ
Мектеп әжетханаларының жай-күйі туралы хабарлауға болатын «жедел желі» іске қосылмақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Елде 7500 мектеп болса, соның елуінің дәретханасы далада орналасқан. Екі жыл бұрын елдегі 2700 мектептің дәретханасы сыртта еді. Қазір бұл мәселе толығымен шешілуге жақын. Келесі оқу жылы басталғанша әкімдіктер 50 мектептегі дәретхана мәселесін шешуі тиіс.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де үкіметтік емес ұйымдармен бірге сенім телефонын іске қосады, бұл Whatsapp және Telegram каналында болады, өйткені балаларға осылай ыңғайлы. Оған балалар, ата-аналар және мұғалімдер фотосуретті жібере алады. Тиісінше, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен біздің комитет осындай бұзушылықтар болған жағдайда бақылау жасайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21