Құлсары қаласындағы Құрсай өзені тасып, үйлерге қауіп төнді
Атырау облысының Құлсары қаласындағы Құрсай өзенінің сағасына жиналған қарғын су тасып, үйлерге қауіп төнді. Тұрғындарды уақытша көшіруге тура келді. Соңғы ахуалды меншікті тілшіміз Жандос Темірғали баяндауға әзір тұр.
Жандос Темірғали, тілші:
Құрсай өзегі бастауын Жем өзенінен алады. Қызыл су таңертеңгі сағат 7-лерде ауыл іргесіне жайыла бастаған. Қазір төрт үйдің тұрғындары уақытша ағайындарының үйіне кетті. Бұл үйлердің ауласында су деңгейі 15-20 см-ге дейін барған.
Жандос, қазір енді судың беті қайтты ма, қауіп сейілді ме?
Жандос Темірғали, тілші:
Мамандар дереу бөгет тұрғызып, апатты болдырмады. Қазір су деңгейі 2 метрге дейін түскен. Жауаптылар, алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Жедел әрекет ету қызметіне құзырлы мекемелерден 100-ге жуық адам мен 30 шақты түрлі техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен бүлінген нысандар жоқ. Ауласына су кірген тұрғындардың мәселесін арнайы құрылған комиссия қарайды. Қазір тұрғындарға үйлеріне емін-еркін кіріп шығу үшін жағдай жасалып жатыр.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21