Қарағанды облысындағы Қарасор көлінде балық қырылып жатыр деген ақпаратты мамандар жоққа шығарды
Қарағанды облысындағы «Қарасор көлінде балық қырылып жатыр» деген ақпаратты жауапты мамандар жоққа шығарды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан жәндіктердің су бетінде қалқып жүргенін байқауға болады. Оны түсірген адам Қарасор көлі екенін айтады. Алайда көлді жалға алып, балық шаруашылығын дамытқалы отырған кәсіпкер бұл ақпараттың жалған екенін жариялады. Оның айтуынша, су қоймасын оттегімен байыту үшін қыс бойы мұзды тесу жұмыстарын жүргізген. Кәсіпкердің сөзін инспекторлар да растап отыр.
Ерлан Кәріпбаев, кәсіпкер:
Видео жайында айтып өтсем бұл әрине фейк. Біз көлді алып, биыл жұмыс жасап жатырмыз. Егерьлер күнделікті көлдің маңайын бәрін қарап жүр. Көлден мұз әлі кеткен жоқ. Үш жыл бұрын иесіз болды ғой көл. Бұл жерде балық та ауланды. Сол кезде жаңағы ешқандай ауа беру жұмысы жасалмаған да. Сол кезде біраз балықтар қырылды деп естідім мен. Бұл сол алдыңғы жылғы видео болуы да мүмкін.
Абай Әлжанов, Нұра-Сарысу облысаралық Бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
Инспекторлар қазір оқиға орнына аттанды. Көлдің жағасы, су беті барлығы мұқият тексерілетін болады. Егер балықтың қырылғаны анықталса келтірілген шығын көлемі есептеледі және судан сынама алынып, зертханаға жіберіледі. Бірақ әзірге бұл ақпарат расталмады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21