Донбасста шайқас күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Донбасста шайқас күшейіп келеді

20.04.2022

Донбасста әскери қақтығыс ушыға түсті. Ресей армиясы мұнда Луганск және Донецк облыстарын алуға әрекет жасап жатыр. Мәскеу Мариуполь қаласының «Азовсталь» зауытына бекінген украиналық жауынгерлерге бүгін берілу туралы жаңа талап қойды. Алайда, «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бірде-бір сарбаз қаруын тастамаған. Ресей 18 мың тұрғыны бар Креминна қаласын басып алды. Бірақ, британ барлаушыларының дерегінше, Украина күштері қарсы жақтың бірнеше шабуылына тойтарыс берген.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, Вашингтон Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр. Ал, президент Джо Байден алдағы күндері Киевке тағы 800 миллион доллардың әскери көмегін беретінін жарияламақ. Америка, Канада және Ұлыбритания Украинаға қосымша артиллерия жіберетінін айтса, Норвегия 100 «Мистраль» әуе қорғанысы зымырандарын жөнелтпек.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу