Солтүстік Қазақстанның Қызылжар ауданы Бугровое ауылында балық қырылып жатыр
Солтүстік Қазақстанның Қызылжар ауданы Бугровое ауылында балық қырылып жатыр. Бұл жөнінде елді мекен тұрғындары құзырлы органдарга өздері хабарлаған. Көпшілік айналаға тарап жатқан жағымсыз иіске шағымданып жатыр. Өлген балықты сүзіп алып, үй жануарлары мен құстарға азық ретінде беріп жатқандар да бар.
Галина Бузуглая, ауыл тұрғыны:
Қыста малды суару үшін суат ойылатын. Осылайша балықтарға оттегі барады. Биыл тұрғындардың барлығы үйлеріне құбыр тартты. Көлден ешкім су алмайды. Тұншығып қалған балық мұз ерігенде қалқып шығып қалды.
Эльдар Кәкімов, балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің жетекшісі:
Бүгін алынған сараптама нәтижесі 5 күннен кейін дайын болады. Бұл су қоймасы – резервте. Қыста әкімдік аэрация жасауы керек еді. Облыста 500-ден астам су қоймасы болса, оның 100-ден астамында аталған шара жүргізілді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21