Семейде саяжайдағы 8 үй жанып кетті
Семейде өрт сөндірушілер жанып жатқан саяжайдан мүмкіндігі шектеулі адамды құтқарып қалды. Қаладағы Мирный ауданында 8 саяжай үйі мен 6 шаруашылық нысаны отқа оранған. Құрғақ шөп пен қамыс тұтанып, өрт 1000 шаршы метрге таралған. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 11 техника жұмылдырылды. Соңғы екі күнде қала аумағында 10 өрт оқиғасы тіркеліпті. Мұның барлығын құтқарушылар сенбіліктер кезінде өрт қауіпсзідігін сақтамаудан деп отыр.
Естай Олжабаев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға анықтаушысы:Өрт кезінде қорада тұрған 5 ірі қара мен 34 ұсақ мал тірідей жанып кетті. Мұның барлығы адамдардың өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болып отыр. Өрттің басым бөлігі құрғақ шөп пен сенбілік кезінде қалдықтарды жағудың кесірінен тараған.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22