Мемлекеттік органдар парақорларды өздері анықтайды
Батыс Қазақстан облысында соңғы үш айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның дені - пара алу мен қазына қаржысын жымқыру дерегі. Енді қылмысты азайтып, сыбайластықтың алдын алу үшін мемлекеттік органдарда үлгілі базалық бағыт жобасы енгізілмек. Яғни, бұдан былай жемқорлық деректерін тек құзырлы органдар емес, мемлекеттік ұйымдардың өздері де анықтауы тиіс. Ол үшін ұжымда жұмыс тобы құрылып, жауапты тұлға бекітіледі. Жаңа бағытты іске асырмай, алдын алу шарасына немқұрайлы қараған басшыларға айыппұл салынады.
Әлия Денизбаева, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басқарма басшысының орынбасары:Мемлекеттік органдар өздігінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, өздері жою керек. Бұл талаптар тиісті дәрежеде орындалатын болса, біздің облысымызда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендейді. Сыбайлас жемқорлық көбінесе құқық қорғау органдарында анықталды. Яғни, әкімшілік айыппұлдарды төлемеу үшін қызметкерлерге пара ұсынады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21