Шаруаларға 6 пайызбен несие беріледі
Осыдан бірнеше жыл бұрын Жамбыл облысында алғаш бастау алған пилоттық жоба қайта жанданбақ. Бүгінде ауыл мен шағын қала тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бағдарлама әзірленіп, 40 миллиард теңге қарастырылып жатыр. Агроөнеркәсіп кешеніндегі түрлі салаларды дамытуға 310 млрд теңге субсидиядан бөлек, тағы 298 млрд теңге беріледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Жамбыл облысындағы сапарында айтты.
Ал, өз бизнесін ашуға ниет білдірген және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту мақсатында, ауылдық елдімекендер мен шағын қалалардың тұрғындарына микрокредит берілмек. Бұл мақсатқа 40 млрд теңге бөлу жоспарланған. Яғни, шаруалар 5-7 жылға дейінгі мерзімге 6 пайызбен шағын несиеге қол жеткізе алады. Осының нәтижесінде 10 мың жұмыс орны ашылады деген болжам бар.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:Қазіргі уақытта субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірлеу жұмыстары жүруде. Жаңа жүйенің ерекшелігі сол, автоматтандырылған жүйе субсидия алушылардың тізімін қалыптастырумен қатар, олардың экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптары бойынша санаттарының сәйкестігін тексереді. Көмек қаржы алушылардың қарсы міндеттемелері тіркеледі, олардың орындалу дәрежесі, субсидия аралық кезектілігін және қанағаттандырылмаған өтінімдерді күту парағы бағаланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21