Қостанай облысында кене шаққан 6 адам дәрігер көмегіне жүгінген
Қостанай облысында күн жылығалы кене шаққан 6 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі 10 жастағы бала. Облыс аумағында кенелердің белсенділігі биыл ерте басталды. Бұл қансорғыш жәндіктерден энцефалит, боррелиоз тәрізді жұқпалы аурулар тарайды. Әзірге кене шағып көмекке жүгінгендерден ондай қауіпті дерт анықталған жоқ. Мамандар індеттің алдын алу мақсатында даладан кене жинап, оларда қандай дерттің қоздырғыштары бар екенін анықтамақ.
Людмила Налобина, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:Кене шаққан алты адамның бәрі дәрігердің бақылауына алынды. 21 күн бойы олардың денсаулығы жіті қадағаланады. Сондай-ақ облыста ашық далада еңбек ететін адамдарға екпе жасалады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21