Ақтөбеде 400 итке арналған орталық салынады
Ақтөбеде қаңғыбас иттер көбейіп кеткен. Олардың нақты санын тіпті, ветеринар мамандардың өзі білмейтін болып шықты. Қаңтар, ақпан айларында төртаяқтылардың үш жарым мыңы ауланып, көзі жойылған еді. Ал, наурыздан бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне еніп, оған тыйым салынды. Сондықтан ветеринарлар жіпсіз байланып отыр. Енді мәселені иттерге арналған панажайлар салу арқылы шешеміз дейді. Ақтөбеде салынуы тиіс мұндай орталық 400 итке арналады. Ол жерде екі айға дейін ұсталады. Стерилизация жасалады. Осы шаралар нақты жүзеге асқаннан кейін ғана бұралқы ит саны азаюы тиіс.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21