Атырау облысындағы Ойыл өзені тасып, Миялы ауылына қауіп төнді
Атырау облысындағы Ойыл өзені тасып, Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылына қауіп төнді. Қазір тасқын су елдімекеннің іргесіне келіп тұр. Өңірдегі ахуалды бізбен тікелей байланысқа шыққан меншікті тілшіміз Жандос Темірғали баяндамақ.
Жандос Темірғали, тілші:
Ойыл өзіне 3-сәуір күні Ералы су қоймасын ашқаннан кейін таси бастады. Содан бері толастамай тұр. Керісінше қазір қайта күш алып, Миялы селосына қауіп төндіруде. Өзеннің арнасы мен елдімекен маңындағы сай салалар суға лық толды. Су деңгейі 3 метрден асып кетті. Қазір жауаптылар, ескі бөгеттерді қалпына келтіріп жатыр. Және қосымша 3 шақырым жаңа бөгет салынды. Бірақ, Ойыл жанашырлары бұдан келіп-кетер пайда аз, оданда күре жолды бұзу керек дегенді айтады.
Есенбай Нұров, «Ойыл жанашырлары» тобының жетекшісі:
Миялыға су кіру қаупі 99 процент болып тұр. Сондай жағдайда тұрмыз. Енді, не істеуіміз керек? Мына Миялы-Қарабау-Индер тас жолын бұзу керек. Өзінің арнасымен жіберу қажет.
Жандос Темірғали тілші:
Қазір мұнда 10 су соратын техника жұмыс істеп тұр. Дәл осындай қосымша тағы 15 техника көршілес Индер ауданынан жеткізіледі. Кеше, қауіп күшейгесін облыс орталығынан ТЖД қызметкерлері жетті. Қазір тағы бір ақпарат келіп жетті. Тұрғындардың айтуынша тасқын су кейбір бөгеттерді бұзып кетіп, ырық бермей жатқан көрінеді. Әкімдік эвакуацияға арналған 300 орын дайын тұр дейді.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21