Елімізде көктемгі су тасқыны басталғалы 1,5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
Елімізде көктемгі су тасқыны басталғалы 1,5 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Бүгінде олардың барлығы дерлік өз үйіне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 15 адам ғана қалған. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Төтенше жағдайлар министрі мәлімдеді. Юрий Ильиннің айтуынша, еріген қар суы 200-ге жуық үй мен 3 әлеуметтік нысанды басқан. Қауіп әлі де сейілген жоқ. 285 елдімекенді су басуы мүмкін. Көктемге дұрыс дайындалмағандарға Төтенше жағдайлар министрлігі 346 ескерту жасаған. Еліміздегі 1800 гидро нысанның 600-ін жөндеу керек. Экология, геология және табиғи ресрустар министрлігі осы гидротехникалық құрылғылардың қауіпсіздігіне қатысты жеке заң әзірлемек.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21