Бұдан былай баланы интернетте яғни, әлеуметтік желілерде қорлап, қудалау орын алатын болса олар заң жүзінде жазаланады. Бүгін Мәжіліс бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады. Онда кибербуллинг проблемасына ерекше басымдық берілген. Себебі кәмелетке толмағандар арасында жәбірлеу фактілері азаймай отыр. Буллинг көріністерінің алдын алу мақсатында «жәбірлеу» ұғымы заңнамалық түрде бекітілді. Заң жобасында балаларға қатысты кез-келген зорлық-зомбылық көріністерінен, оның ішінде отбасылық қатынастар, білім беру және ақпараттық кеңестік салаларында қорғау нормалары көзделген. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балалардың медициналық оңалту қызметтерін алуға қол жеткізу кеңейеді. Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарды тұрғын үйге есепке қою мерзімін қысқарту да ескерілген.