Испания: Теңізде 100-ден астам мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания: Теңізде 100-ден астам мигрант құтқарылды

04.02.2022

Испанияның жағалау сақшылары Атлант мұхитында 118 мигрантты құтқарып, Канар аралдарына жеткізді. Олар суға кетейін деп тұрған екі қайықтан кемеге көшірілді. Жағалауға шығарылған босқындар арасында 24 әйел мен алты жеткіншек бар.

Жалпы алғанда, 2021 жылы Канар аралдарына Африка мен Таяу Шығыстан 22300-дей мигрант заңсыз жетсе, 4400-ден астамы мұхитта жоғалып кеткен. Сол құрбандардың ішінде 205 бала бар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу