Ақтөбе облысында жолда қалған 100-ден астам адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жолда қалған 100-ден астам адам құтқарылды

04.03.2023

Ақтөбе облысында боран кезінде жолда қалған 100-ден астам адам құтқарылды. Олардың ішінде Өзбекстан азаматтары да бар. Ауа райының қолайсыздығынан кешеден бері аймақта бірнеше жол жабылды. 7 елдімекеннің аумағында 400-ге жуық көлік сапарын жалғастыра алмай, боранның басылуын күтуге мәжбүр болды. Мұғалжар ауданында денсаулығы нашарлаған жүкті әйелді құтқарушылар Қандыағаш қаласына жеткізді.

Ал Абай облысында қар құрсауынан 200 жүк көлігі шығарылды. Олар Жарма ауданының аумағында «Алматы-Өскемен» тас жолында 3 күн тұрған. Боран салдарынан жолда қалғандарға Қалбатау ауылының тұрғындары мен волонтерлар ыстық тамақ және шай апарып отырған. Боран басылған соң «Қазақавтожол» қызметкерлері үлкен техникамен жолды қардан аршып, барлық көлік сапарын жалғастырды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу