Испанияның Канар аралдарының маңында 50-ден астам мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның Канар аралдарының маңында 50-ден астам мигрант құтқарылды

21.06.2023

Испанияның Канар аралдарының маңында 50-ден астам мигрант құтқарылды. Алайда олардың арасындағы бір жүкті әйелдің қайтыс болғаны анықталып отыр. Жағалау күзеті, қайықтары қауіпті жағдайда болғасын босқындарды құрлыққа жеткізуге жәрдемдесті. Жыл сайын Таяу Шығыс пен Африка елдерінен жақсы өмір іздеп мыңдаған адам теңізбен Еуропаға аттанады. Биыл Испанияға осындай жолмен 6 мыңға жуық мигрант барған. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу