Теңізден үрмелі қайыққа мінген 100-ден астам африкалық мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңізден үрмелі қайыққа мінген 100-ден астам африкалық мигрант құтқарылды

15.09.2017

Оларды судан SOS үкіметтік емес ұйымы қызметкерлері алып шыққан. Құтқарылғандардың ішінде жас сәбиі бар аналар да бар. Мигранттар Ливия жағалауынан шыққан. Олар еліне қайтарылды. Жалпы, соңғы кездері Солтүстік Африкадан Италияға босқындардың теңіз арқылы баруы 50 пайызға азайған. Өйткені, Италия мамандары жаттықтырған Ливия жағалау сақшылары мигранттарды халықаралық суларға жеткенше жиі кері қайтарады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу