Жерорта теңізінен 300-ден астам мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерорта теңізінен 300-ден астам мигрант құтқарылды

28.12.2018

Испания мамандары 308 мигрантты құтқарды. Оларды қайырымдылық ұйымының кемесі Жерорта теңізінің Ливия жағалауынан тапқан. Босқындарды Испанияға жеткізу үшін жүздеген шақырым жүруге тура келді.

Мигранттарды портта Қызыл Крест ұйымының қызметкерлері күтіп алып, медициналық тексеруден өткізді. Бүгінде олардың Испанияда қалу туралы өтініштері қарастырылып жатыр.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, мигранттар мінген кемені осыған дейін Еуропаның бірнеше мемлекеті қабылдаудан бас тартқан. Солардың ішінде Мальта мен Италия бар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу