Канар аралдарындағы 60-тан астам мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канар аралдарындағы 60-тан астам мигрант құтқарылды

09.06.2023

Атлант мұхитындағы Гранд Канария аралы маңында 60-тан астам мигрант құтқарылды. Олар Испанияға Африкадан барған. Аман қалған босқындар Аргинегин портына жеткізіліп, барлығына медициналық көмек көрсетілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Испания үкіметі таратқан статистикаға жүгінсек, былтыр Канар аралдарына 15600-ден астам мигрант жеткізілген. Бұл – 2021 жылғы көрсеткіштен 30 пайызға төмен.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу