Шымкентте алаяқтық жолмен 400 миллион теңгені иемденген топ құрықталды
Шымкент қаласында алаяқтық жолмен азаматтардың 400 миллион теңгесін иемденген топ құрықталды. Алдын ала сөз байласқан үш әйел тез баюдың өздері жасаған схемасын ұсынып, оларды несие алуға көндірген. Әр адамға 1 миллион теңге несие алдырып, оның 300 мың теңгесін өздеріне қалдырады. Қалған 700 мыңын өзіміз өтейміз деп сендіреді. Бірақ несие төлейтін уақыт жақындағанда әйелдер із-түссіз жоғалып кеткен. Осындай әдіспен олар 500-ге жуық адамды тақырға отырғызған. Алаяқтардың арбауына түскен тұрғындардың арызынан соң полиция олардың ізіне түсіп, қамауға алды. Топтың үш мүшесі де Түркістан облысының тұрғындары болып шықты.
Спандияр Зайнидин, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының тергеушісі:
Олардың алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталды. Аталған тұлғалар күдікті деп танылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15