Шымкентте 12 жастағы оқушы автокөлік жөндеп, табыс тауып жүр
Шымкент қаласында 12 жасар бала автокөлік жөндеп, табыс тауып жүр. Самандар есімді жас шебер бұл кәсіппен 6 жасынан бастап айналысып келеді. Ол көліктердің стартер және электр жүйесіндегі ақауларды жылдам анықтап, әп-сәтте түзетіп береді.
Самандарды сабақтан кейінгі бос уақытысында тек шеберханадан табасың. Автокөлікке дыбыс зорайтқыш орнату, жарық шамдарын ауыстыру, қозғалтқыштағы ақауларды жөндеу, электр сымдарын ауыстыру. Мұның бәрін ол ешкімнің көмегінсіз өзі атқара береді.
Самандар Гайратов, автокөлік жөндеу шебері:Машинаға буфер қою керек. Калонканың мынау сымдары. Екі көк сымды магнитафонның артына жалғаймыз. Ал қызыл сымды аккумуляторға тартамыз.
Самандар күніне 2-3 автокөліктің ақауын жөндеп береді. Ісін тыңғылықты атқарғандықтан болар оны іздеп келетіндер көп. Бірнеше жылдан бері тұрақты қызмет көрсетіп жүрген өз адамдары да бар.
Әділет Тұрдыхан, қала тұрғыны:6 жылдан бері осыған келемін. Жақсы істейді. Стартер бәрін көре береді. Оталмай қалған кезде сүйреп ә»кеп тастаймын, оталдырып жібереді.
Автоэлектрик Юнусовтардың әулетінде атадан балаға жалғасып келе жатқан отбасылық кәсіп. Самандардың атасы да, әкесі де әлі күнге осы іспен айналысады. Ұлының қызығушылығын байқаған әкесі оны бұл кәсіпке 6 жасынан бастап баули бастаған.
Данияр Юнусов, әкесі:Істеп көреді, одан кейін өзім тексеріп шығамын. Қорқатын ешнәрсе жоқ. Өзінің ынтасы болса болды.
Самандар биыл мектептің 6 сыныбында оқып жатыр. Сабақ үлгерімі де жақсы. Келешекте осы ісінің қырын сырын жетік меңгеріп, өз кәсібінің хас шебері болмақ ниетте.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15