«Өрмекші-адам» фильмі қазақшаға аударылды (ВИДЕО)
«Өрмекші-адам» фильмінің кейіпкерлері қазақша сөйледі. Бұл голливудтық киноларды мемлекеттік тілге дубляждау жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 7-ші фильм.
Бүгін «Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат» фильмін бірінші болып астаналықтар тамашалады. Кино желісі мен арнайы жасалған эффектілер залдағы балалардың назарын аудартып, көңілдеріне қуаныш ұялатты.
Жалпы фильмді дыбыстауға 30 адам жұмылдырылды. Кеткен шығын 80 мың АҚШ доллары.
Ана тіліміздің қолдану ауқымын кеңейту мақсатындағы жастардың жобасына «Нұр-Отан» қанат бітірсе, қаржылай қолдаған «Алтын Қыран» қайырымдылық қоры. Фильм 24 сәуірден бастап, ел кинотеатрларында көрсетіле бастайды.
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
«Өрмекші-адам» фильміне голливудтық «Sony Pictures» компаниясы 200 миллион доллардан астам ақша жұмсады. Біз аз ақшамен ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударып отырмыз.
Мен бірнеше фильмдерді қарадым. «Жаужүрек мың бала», «Құбыжықтар университеті» және тағы да басқа фильмдер. Маған барлығы өте ұнайды. Бүгінгі кино қатты ұнады.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік басылым Қазақстанның соңғы жылдардағы өзгерісіне назар аударды
02.10.2026, 09:10
Трамп бастамасымен жасалған суперинтеллект туралы келісім жаһандық деңгейде үлгі болуы мүмкін — Тоқаев
02.10.2026, 08:36
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29
Түркістан облысында қарияларға арналған 21 орталық жұмыс істеп тұр
01.10.2026, 20:28
Президент General Atlantic компаниясының төрағасымен кездесті
01.10.2026, 20:25