Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері шабуыл кезінде адамдарды қалай құтқарғанын айтып берді
«Бағымызға орай бұзақылар бізге оқ атпады». Осылай деген Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері шабуыл кезінде адамдарды қалай құтқарғанын айтып берді.
Бұзақылар 5 қаңтар күні кешкі сағат сегіздер шамасында әуежайға басып кірген. Сол кезде нысан ішінде 1000-ға жуық адам болыпты. Бұдан бөлек әуежай ғимаратына жақын жерде үш жолаушылар және екі жүк тасымалдайтын ұшақ тұрған. Әуежайға қонып, бірақ бортын ашып үлгермеген «Азиана» ұшағының жолаушылары қауіпсіздік үшін іште қалыпты. Сонымен қатар, «Air Astana» әуе компаниясының Мәскеу мен Бішкекке қатынайтын екі әуе кемесі де көкке көтеріліп үлгермеген. Бес ұшақта 300-ге жуық жолаушы болған. Барлығы шұғыл түрде отырғызылып, қауіпсіз жерге шығарылған.
Фархат Сәбитов, Алматы халықаралық әуежайының ауысым басшысы:
Жолаушылар мен әуежай қызметкерлерін қауіпсіз жерге шығарғаннан кейін соңғы болып біз шықтық. Шыға берісте бір топ жігіт біз мінген көлікке жүгіріп келді. Ондай адамдарды алғаш көруім. Көздері қып-қызыл. Өздерін тым дөрекі ұстады. Саны шамамен 45-50 адам. Абырой болғанда бізге тиіскен жоқ.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09