Зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын Үкімет өтейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын Үкімет өтейді

20.01.2022

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Алматыға барып, тәртіпсіздік кезінде залал келген нысандарды аралады. Өртке оранған Ұлттық арнаның ғимаратына соғып, қазіргі жағдайымен танысты. 60 жылдан астам тарихы бар қара шаңырақты қалпына келтіру үшін тиісті қаражат бөлінетінін айтты. Жөндеу жұмысының сапасы үнемі бақылауда болады және ғимарат заманға сай жаңартылады,-деді. Бірінші кезекте арнаны техникалық жабдықтау мәселесі шешілетінін жеткізді. Еске салайық, бұзақылар ғимараттағы интернет сымдарын үзіп, студияларды қиратып, камералар мен басқа да құрылғыларды ұрлап кеткен болатын.

Зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын Үкімет өтейді. Бизнесмендер қажет құжаттарды жинап, электронды цифрлы қолтаңба арқылы infokazakhstan.kz платформасына өтініш беруі керек. Комиссия 5 жұмыс күні ішінде қарап,шешім шығарады. Шығын ақпан айынан бастап өтелмек. Ол үшін Үкімет резервінен қаржы қаралған.


Хабарламаларға жазылу