Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың оқшаулану мерзімі қысқарады
Бас санитар дәрігердің тиісті қаулысы әзірленіп жатыр. Яғни, ковидпен ауырған адам 14 емес, тек 10 күнге карантинге жабылады. Тағы бір маңызды ақпарат - ПТР тесттің қорытындысына қарай «ASHYQ»-тағы мәртебе түсі де бір аптада ауысады.
Айта өтейік, жаңа қаулы шыққанға дейін карантин тәртібі бұрынғыша 14 күн болып қала береді.
Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:
Қазіргі уақытта Бас санитар дәрігердің қаулысы дайындалып жатыр. Таяуда 14 күннен 10 күнге дейін карантиндік режим қысқартылады. Егер науқастығы анықталса, 7 күннен кейін ПТР тапсыруға рұқсат бар. 7 күннен соң ПТР нәтижесі бойынша ол адам еш кедергісіз карантиннен шығып, жұмысын жалғастыра алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматылық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарды
30.10.2026, 17:28
Ел жаңалықтарына шолу
30.10.2026, 17:23
Павлодардағы медициналық емханада бюджет қаржысын жымқырған
30.10.2026, 17:22
Ауғанстан фермерлері көкнәрді қайта өсіре бастады
30.10.2026, 17:20
Ертіске 22 мыңнан аса бекіре шабақ жіберді
30.10.2026, 17:17
Ауыл шаруашылығына арналған маркетплейс іске қосылуы мүмкін
30.10.2026, 17:15
Президент Жолдауы ел дамуына сеп болатын стратегиялық бағдар
30.10.2026, 17:14
Түркі әлемінің цифрлық ынтымақтастығы кеңейеді
30.10.2026, 17:12