Теңіз кенішінде қосымша 1200 төсек-орын дайындалды
Атырау облысында эпидахуал күн өткен сайын ушығып барады. Теңіз кенішінде вирусқа шалдыққан жұмысшылардың көбеюіне байланысты қосымша 1200 төсек-орын дайындалды. Өңірдегі ахуалды меншікті тілшіміз Жандос Темірғали баяндайды.
Жандос Темірғали, тілші:
Өңір вирус құрсауында қалды. Айналасы үш күннің ішінде 1700-ден астам адамнан ковид анықталды. Соңғы тәулікте 548 тұрғын індетке шалдықты. Науқастардың тең жартысынан көбі қаладан тіркеліп отыр. Ал, 73-і Теңіз мұнай кен орнының жұмысшылары. Қазір кеніште жағдай күрделі. Індет жұқтырған қызметкерлердің көбеюіне байланысты, сол жақтағы стационарда қосымша 1200 төсек-орын дайындалды. Бүгінде теңіздегі емдеу орнында 543 адам жатыр. Ал, өңірдегі инфекциялық ауруханаларда 276 науқас ем қабылдауда. 11-інің жағдайы ауыр. 2 адам көз жұмды. Індеттің алдын алу үшін мамандар екпе алу қажеттігін ескертеді. Денсаулық басқармасы таратқан соңғы ақпаратқа сай, 264 мың адам вакцина салдырды. 15 мыңы үшінші мәрте екпе салдырған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматылық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарды
30.10.2026, 17:28
Ел жаңалықтарына шолу
30.10.2026, 17:23
Павлодардағы медициналық емханада бюджет қаржысын жымқырған
30.10.2026, 17:22
Ауғанстан фермерлері көкнәрді қайта өсіре бастады
30.10.2026, 17:20
Ертіске 22 мыңнан аса бекіре шабақ жіберді
30.10.2026, 17:17
Ауыл шаруашылығына арналған маркетплейс іске қосылуы мүмкін
30.10.2026, 17:15
Президент Жолдауы ел дамуына сеп болатын стратегиялық бағдар
30.10.2026, 17:14
Түркі әлемінің цифрлық ынтымақтастығы кеңейеді
30.10.2026, 17:12