Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер шығынын өтеу механизмі әзірленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер шығынын өтеу механизмі әзірленуде

19.01.2022

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде мүлкіне зақым келген кәсіпкерлердің шығынын өтеу механизмі әзірленіп жатыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылған.

Бүгінде қаладағы залал келген бизнес субьектілерінің қатары 1600-ге жуықтады. Олардың 95%-ы - шағын және орта кәсіп иелері. Бүлік кезінде құжаты ұрланған немесе жоғалған кәсіпкерлердің де мәселесі қарастырылып жатыр. Нысанның немесе мүліктің зақымданғанын фото, видеолармен дәлелдеу керек және «InfoKazakhstan» порталына қолда бар құжатын тіркеулері қажет. Келген шығын жергілікті бюджет және «Біз біргеміз» қоғамдық қоры арқылы өтелмек. Ал, тоналған ломбардттардың жағдайы әзірге қарастырылмайды,- дейді кәсіпкерлер палатасының басшысы.

Айтуар Қошмамбетов, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:
Ешқандай дәлелдейтін құжаты жоқ кәсіпкерлер бойынша мәселе әлі нақты шешілген жоқ. Біздің ұсынымыз бойынша сондай кәсіпкерлерге олардың өткен жыл бойынша орта есеппен есептелген айналым сомасын санап, сол сома арқылы өтемақы төлеуді ұсынып отырмыз немесе белгіленген бірдей өтемақы төленуі мүмкін. Бұл әлі нақты шешілмеген. Үкіметтің шешімін күтіп отырмыз.


Хабарламаларға жазылу