Сырт киімін әскери қызметкерге шешіп берген бойжеткенді кім түсірді?
Алматыдағы бүлік кезінде әскери қызметкерге сырт киімін шешіп берген қыздың әрекеті - әлі көптің есінде. Бірақ, сол батыр бойжеткеннің кім екені әзірге белгісіз. Сол сәтті телефонына түсіріп алған алматылық Мира Берген оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұрын еш жерде жарияламаған видеоларымен де бөлісті.
Бұл әлеуметтік желіде жаппай тараған видеоның түпнұсқасы. Оны түсірген Мира Бергеннің сөзінше, оқиға 5 қаңтарда Назарбаев даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында болған. Бұзақылардың қоршауында қалған әскерилерге көшедегі кейбір азаматтар көмекке келген.
Мира Берген, қала тұрғыны:Нөмірі жоқ көліктермен жігіттер келіп, әскерилерді ұра бастады. Сол кезде осындағы адамдар олардың әскер екені білінбеуі үшін киімдерін ауыстыруға көмектесті. Ал, жаңағы қыз бала күн салқын болса да, күртесін шешіп беріп жатты.
Мираның айтуынша, көшеде бара жатқан әскери көлікті 200-дей адам жол ортасында тоқтатып, бірден ішіндегілерге жабыла кеткен.
Осы оқиғаны сырттай бақылап, телефонмен біреуге хабарлап тұрғандар да болды,-дейді. Олар Мираға да видео түсірме дегендей ескерту жасапты.
Мира Берген, қала тұрғыны:Әскерилерді ұрып, көлігін тартып алды да, сол көлікке тиеліп, Орталық алаңға қарай кетіп қалды. Демек, осы көлікті тартып алу мақсаты болды деп ойлаймын.
Бізге осы видеодағы әскери адамның жақындары сұхбат беруден бас тартты. Ал, оған күртесін бермек болған қыздың кім екені белгісіз. Маска тағып тұрғандықтан, түрі көрінбейді. Бірақ, жасаған батыл ісі желіде әлі тарап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматылық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарды
30.10.2026, 17:28
Ел жаңалықтарына шолу
30.10.2026, 17:23
Павлодардағы медициналық емханада бюджет қаржысын жымқырған
30.10.2026, 17:22
Ауғанстан фермерлері көкнәрді қайта өсіре бастады
30.10.2026, 17:20
Ертіске 22 мыңнан аса бекіре шабақ жіберді
30.10.2026, 17:17
Ауыл шаруашылығына арналған маркетплейс іске қосылуы мүмкін
30.10.2026, 17:15
Президент Жолдауы ел дамуына сеп болатын стратегиялық бағдар
30.10.2026, 17:14
Түркі әлемінің цифрлық ынтымақтастығы кеңейеді
30.10.2026, 17:12