Ауғанстанда жарты миллион адам жұмыссыз қалды
Ауғанстанда «Талибан» билікке келгелі бері 500 000-дай адам жұмысынан айырылған. Бұл – Халықаралық Еңбек ұйымы келтірген мәлімет. Экономикалық дағдарыс өршіген елде, әсіресе, әйелдердің, мемлекеттік қызметкерлер мен құрылыс саласында жұмыс істейтіндердің жағдайы нашарлаған. Олардың көбі жұмыссыз қалып, бірнеше айдан бері жалақысыз отыр. 40 жылға созылған соғыс, қуаңшылық пен коронавирус ел экономикасына кері әсерін тигізді. БҰҰ 8 млн 700 000-дай ауған азаматына ашаршылық қаупі төнгенін айтып, дабыл қақты.
Бұған қоса, ұйым халықаралық қауымдастықты Ауғанстанға көмек беруге, елдің шетел банктерінде бұғатталған активтерін босатуға шақырды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17
Елімізде қылмыс 58%-ға азайған
23.10.2026, 17:15
Жанармайды шекарадан заңсыз өткізбек болған 430 адам анықталды
23.10.2026, 17:14
Түркістанда жаңа үйлерді пайдалануға берді
23.10.2026, 17:12