Шымкентте барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
Шымкент қаласында тәртіпсіздіктер толық тиылып, барлық коммуналдық және қызмет көрсету кәсіпорындары қалыпты режимдегі жұмысын қайта бастады. Халықаралық әуежай мен темір жол вокзалы да жолаушыларға қызмет көрсетуде. Төтенше жағдай режимі қатаң бақылауда ұстау үшін еріктілерден «Халық сақшылары» деп аталатын жасақ құрылды. Олар қандай жұмыс атқарып жатыр?
«Халық сақшылары» тобына 500-ге жуық ерікті қосылды. Оның сапында қоғам белсенділері, танымал спортшылар, ұстаздар мен дін өкілдері бар. Еріктілер топтарға бөлініп, тәртіп сақшылары мен әскерилерге мемлекеттік маңызы бар нысандарды, кәсіпорындарды күзетуге көмектесуде. Шаһардағы медициналық мекемелер мен қан орталығы да күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Әуе рейстер мен темір жол кестесі қалыпқа келтірілуде. Қоғамдық көліктер екі күннен бері кестеге сай жолаушыларға қызмет көрсетуде. Автобус бағыттары бойынша ешқандай іркіліс жоқ. Бірақ төлем интернет байланысының шектелгеніне байланысты әзірге қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылуда.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары:Қаладағы барлық базарлар таңертеңнен кешкі сағат 18.00-ге дейін, ал сауда орталықтары кешкі 21.00-ге дейін жұмыс істеуде. Ал халыққа қызмет көрсету орталықтары интернет желісі толықтай қосылған кезде жұмысын бастайтын болады. Бірауыз сөзбен қорыта айтқанда қала жұртшылығы қалыпты тіршілігін жалғастыруда.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15