Әскери кадрларды даярлаудың заманауи тәсілдері талқыланды
Алматыда әскери кадрларды даярлаудың заманауи тәсілдері талқыланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара академиясының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми -практикалық конференцияда осы мәселені шешу жолдары ортаға салынды. Шараға Ресей, Беларусь және Өзбекстан шекарашылары қатысты. Болашақта маман даярлауда ұлттық бағдарламалар басты бағыт болмақ. Әсіресе, «Мәңгілік ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» жобасын әскерилердің санасына сіңіру міндет. Шекара шебінде қызмет атқаратын азаматтарды дайындайтын оқу орындары теориялық біліммен шектелмей, ғылыми ордаға айналуы тиіс дейді конференцияға қатысушылар.
Шаргүл Таубаева, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара академиясының профессоры:
Әскери ғылым саласында ғылыми мектептер қалыптасуы керек. Сол уақытта ешқандай мүдіру, кемшілік болмайды. Ғылыми орта керек.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15