Бельгияда 2025 жылға қарай екі атом электр станциясы жабылады
Бельгия үкіметі 2025 жылға қарай елдегі екі атом электр станциясын жаппақ. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан еді. Қазір Доэль мен Тиханже қалаларында 7 атом реакторы бар екі зауыт жұмыс істеп тұр. Олардың қызметі 2022 жылдан бастап біртіндеп тоқтатыла бастайды. Айта кетсек, екі атом электр станциясы Бельгиядағы электр қуатының жартысына жуығын өндіреді. Олар жабылған соң энергия тапшылығын болдырмау үшін елде екі газ электр станциясы салынуы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30
Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
23.10.2026, 17:29
Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды
23.10.2026, 17:28
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17