Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаралған «Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздіктің 30 жылы» атты ұлттық баяндаманың 9-шығарылымы аясындағы талдау барысында жастардың қазіргі дамуының бірнеше маңызды сипаттамалары анықталды.
Осылайша жастардың негізгі құндылықтары соңғы 5 жыл бойы өзгеріссіз қалды. Өткен жылдағыдай жастар арасындағы басты құндылық - отбасы - 82,5%, екінші орында – денсаулық – 45,6%, үшінші орында – достық - 23,1%.
Сауалнамаға қатысқан жастардың 72,3% денсаулығын мықты деп санайды, 44,8% үнемі профилактикалық тексеруден өтеді. Жастарды бұқаралық спортқа тарту процесінде де оң динамика бар екенін атап өткен жөн. Жастардың 60,9% спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Сондай-ақ, ғылым саласында да өсім байқалады: соңғы 9 жылда 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны 21% артты.
Жалпы, жастардың 78% болашаққа зор сеніммен қарайды.