Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы биылғы 9 айда 680 млн доллардан асты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 9 пайызға көп. Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көлік, әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Екі ел өзара сауда айналымы көлемін 1 млрд долларға дейін жеткізуге ниетті. Қазақстан Қырғыз экономикасының ірі инвесторларының қатарында. Екі елдің шекарасында 7 бірдей бақылау-өткізу пункті жұмыс істейді.