Эпидемиолог: «Омикрон» мутациясы «Дельтадан» қауіпті
«Омикрон» штамы патогенді және жұқпалы «дельта» нұсқадан да қауіпті. Жаңа мутация қазір Африканың сегіз елінде тіркелді. Осылай деген Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шаһар тұрғындарына ескерту жасады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Бүгін қаланың санитарлық дәрігері жаңа штаммның алдын-алу бойынша баспасөз жиынын өткізді. Әсел Қалықованың сөзінше, қазір әлемде эпидахуал нашарлап, қатаң карантин режимі қайта енгізіліп жатыр. Жаңа мутация ағзадағы антиденелерді айналып өтуге қабілетті дейді маман. Сондықтан алматылықтарға жаңа штамның алдын-алу үшін көпшілік орындарға бармауға шақырды.
Әсел Қалықова, қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Қарттарды, созылмалы аурулары бар адамдарды, жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакциналауды ұлғайту қажет. Алматы тұрғындарына карантин шараларын қатаң ұстануға кеңес беремін. Әсіресе алдағы демалыс және мереке күндері жиын, басқосуларға бармаған жөн.
Қуан Нұрақын, тілші:
Департамент өкілінің сөзінше, коронавирусқа қарсы тұру үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды. Қазір мегаполисте вакцина алғандар мен ауырып жазылғандардың саны қала халқының 56 пайызынан асқан. Жалпы, Алматы бойынша бір миллионнан аса тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алса, Pfizer вакцинасын 13 мыңнан адам салдырды.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15