Швециялық тұңғыш әйел премьер-министр бірнеше сағаттан кейін отставкаға кетті
Швеция тарихында тұңғыш рет премьер-министр атанған әйел бірнеше сағаттан кейін қызметтен кетті. Магдалена Андерссонның отставкасына үкіметтік коалицияның ыдырауы себепші. Нақтырақ айтсақ, «Жасылдар» партиясы Андерсонның Социал-демократиялық партиясымен одақтасуды тоқтатқан. Себебі екі жақ ұсынған бюджет жобасын парламент құптамады.
Енді парламент спикері бұл партиялардың лидерлерімен қайта келіссөз жүргізуді бастайды. Соның нәтижесінде заң шығарушы орган Андерссонның кандидатурасын қайта дауысқа салады.
«Рейтердің» мәліметінше, оның премьер-министр болып тағы сайлануға мүмкіндігі жоғары. Себебі Андерссонды Жасылдар, Орталық және Солшылардар партиялары қолдауға дайын отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұшатын көлік: Илон Маск жаңа Tesla Roadster гиперкарын таныстырды
18.10.2026, 20:00
Қазақстан мұнай экспортын кеңейтпек: Баку–Тбилиси–Жейхан бағытының маңызы қандай?
18.10.2026, 20:00
Король Филипп: Шаңырағыңыз биік болсын!
18.10.2026, 20:00
Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз грант беру тоқтатыла ма?
18.10.2026, 20:00
«Трамп дәлізі» Қазақстанға қандай пайда әкеледі?
18.10.2026, 20:00
Ипотеканы қайта қаржыландыру: Кімдер жеңілдік ала алады?
18.10.2026, 20:00
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37