Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтті

21.11.2021

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Саяси реформалардан бастап, мектептердегі қауіпсіздік мәселесіне дейін сөз болған. Қаралған мәселе көп. Тағы бір мысал. Қыркүйек айында Алматыда үйден мәжбүрлеп шығару кезінде қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға болғаны есте. Мұны ақтауға болмайтын қылмыс деп атаған Президент, дегенмен банктердің кепіл саясаты мен бағалау қызметінде шикілік барына тоқталды.

Маңызды деталь: Президент Үкіметке шекаралық аймақтарды дамытудың кешенді бағдарламасын жасауды тапсырды. Бір ғана Шығыс Қазақстан облысынан шекара бойының жалаңаштанып жатқаны жайлы бірнеше материал дайындап, шекара маңында тұратын халықтың проблемаларын бір кісідей білетін біздің редакция елеңдеген жаңалық осы. Данияр Қайыртайдың материалы.



Хабарламаларға жазылу