Басты Жаңалықтар Меркель Путинді миграциялық дағдарысты еңсеруге көмектесуге шақырды

Меркель Путинді миграциялық дағдарысты еңсеруге көмектесуге шақырды

Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путинді Беларусьтің Польшамен, Литвамен арадағы шекараларындағы миграциялық дағдарысты шешуге көмектесуге шақырды. Мұны неміс үкіметінің басшысы Португалия және Латвия премьер-министрлерімен өткен кездесуде мәлімдеді. Меркельдің ойынша, Беларусь-Польша шекарасына жиналып қалған босқындар – адамзатқа қарсы саясаттың құрбандары және олар үшін қандайда бір жағдай жасалуы керек.

Қазір Беларусьтен Польшаға мыңдаған мигрант өтуге әрекеттеніп жатыр. Олар – негізінен Таяу Шығыс елдерінен, Ауғанстаннан және Африкадан. Еуропа одағына сенсек, президент Александр Лукашенко оларды әдейі поляк жеріне жіберіп жатыр. Сондағы мақсаты – санкция үшін кек алу. Дегенмен ресми Минск мұны жоққа шығарып келеді. Өзге бір болжамдарға қарағанда, бұл дағдарысты Путин Еуропаны тұрақсыздандыру үшін ұйымдастырды. Алайда Кремль бұны мойындамай отыр.


Бөлісу