Мәулен Әшімбаев Польша сенатының маршалымен кездесті
Саяси жүйені одан әрі демократияландыру бойынша заңдар топтамасы қабылданды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ресми сапармен келген Польшаның Сенат маршалы Томаш Гродзкимен кездесуінде осылай деді. Екі ел арасында жоғары деңгейде сенімді диалог орнаған, оны ілгерілетуде қос парламенттің орны бөлек. Қазір Парламентте Польшамен ынтымақтастық жөнінде топтар жұмыс істейді. Польша тарапында да Қазақстанмен достық тобы қызмет атқарып жатыр. Олар сауда-экономикалық ынтымақтастық, агроөнеркәсіп кешені, көлік, логистика, фармацевтика, құрылыс, машина жасау, туризм және басқа да салалардағы қатынастарды нығайтудың маңызына тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Біздің Палата Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту жөніндегі күн тәртібін сапалы заңдармен қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Онда ең алдымен, саяси жүйені одан әрі демократияландыру, оның ашықтығын қамтамасыз ету, саяси бәсекелестікті арттыру, азаматтардың құқықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау туралы айтылып отыр. Біз бұл бағытта заңдардың ауқымды топтамасын қабылдадық.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұшатын көлік: Илон Маск жаңа Tesla Roadster гиперкарын таныстырды
18.10.2026, 20:00
Қазақстан мұнай экспортын кеңейтпек: Баку–Тбилиси–Жейхан бағытының маңызы қандай?
18.10.2026, 20:00
Король Филипп: Шаңырағыңыз биік болсын!
18.10.2026, 20:00
Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз грант беру тоқтатыла ма?
18.10.2026, 20:00
«Трамп дәлізі» Қазақстанға қандай пайда әкеледі?
18.10.2026, 20:00
Ипотеканы қайта қаржыландыру: Кімдер жеңілдік ала алады?
18.10.2026, 20:00
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37