Йеменде қарулы қақтығыс кезінде 200 содыр мерт болды
Йемен үкіметінің әскері мен шиит жасақтары арасындағы қарулы қақтығыстан соңғы екі күнде 200-дей адам мерт болды. Тараптар мұнайлы өлке – Мариб провинциясы үшін соғысып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, шииттер көп адам жоғалтты, әйтсе де 14 ауданның басым бөлігін бақылауға алған. Иранға арқа сүйеген олар Йемен астанасы Сана мен елдің солтүстігін 2014 жылы басып алған. Халықаралық қауымдастық мойындаған үкімет оңтүстік пен Сауд Арабиясына қашты. Келесі жылы Саудия АҚШ-тың қолдауымен Йеменге әскер кіргізді. Мақсаты – өзіне жақтас билікті қалпына келтіру. Бірақ әскери жанжал ұзаққа созылып, Йемен қазір әлемдегі ең ауыр гуманитарлық дағдарысқа душар болып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07