Сандуғаш Шортанова: Балам туғалы маған «Мама» деп қаратпа сөз айтып көрген емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сандуғаш Шортанова: Балам туғалы маған «Мама» деп қаратпа сөз айтып көрген емес

31.10.2021

Дамуында өзгешелігі бар балалардың ата-анасы бетпе-бет келетін проблемалар пандемия кезінде тіпті асқынды. Егер білім алу жағын айтсақ, өзекті мәселелердің бірқатары: инклюзивті мектептер мен сыныптарды көбейту,

Оларға мұғалімнің көмекшісін, логопед, физиотерапевтерді енгізу, тағысын-тағы. Ал аса маңызды дүние – жалпы оқушылар мен ата-аналарының мүгедіктігі бар балаларды қабылдай алуы. Өзгеше балалармен бірге сабақ оқу, ойнау, қолдау көрсету – қалып болуы тиіс. Иә, олар өзгеше. Бірақ дәл сіздің балаңыздай адам.

Алайда көзқарас, ахуал өзгеруі үшін қанша уақыт керек екен? Ерекше балалармен жұмыс істейтіндердің өздері жиіркенішті, озбыр қылыққа барады. Осы тақырыпты апта басында бекіттік, апта соңына жетпей жаңа мысал естіп отырмыз.

Шымкенттегі арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында 14 жастағы аутизмі бар жасөспірімге орталық қызметкерлері қол көтерген – баланың анасы Сәуле Сәтпаева печенье сұраған баласын тәрбиешінің көмекшісі ұрды, бейне-бақылау камерасына жазылған жазбадан көрдім деп бір емес, бірнеше факті туралы айтып берген. Бейнебақылау жазбасы ананың сөзін растап тұр.

Дамуында ерекшелік бар және денсаулығы мәз емес балалардың ата-аналарының тіршілігі онсыз да тауқыметке толы. Олардың арасында баласы ешқашан оңалту орталығына бармағандар, науқасқа аса қажет сауықтыру массажын алмағандар жетеді. Проблема сан тарау. Кейбірін Данияр Қайыртай зерделеді.


Хабарламаларға жазылу