Азық-түлікке шектік баға қою керек - депутат
Азық-түлікке шектік баға қою керек. Әр өңірде жеке көтерме сауда орталықтарын ашу қажет. Ішіп-жем бағасын тұрақтандыру турасында депутат Бауыржан Қаниев Сенат отырысында осындай мәселе көтерді. Айтуынша азық-түлікпен әр аймақ өзін-өзі қамтып отырса, тасымал шығынынан арылу арқылы баға тұрақтайды және оның өсімін тоқтату үшін әр тауардың шектік бағасын бекіту керек. Үкімет осы ретте жаңа өкілетті орган құрып, бағаның өзгеруін қатаң түрде бақылауы тиіс дейді депутат.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының дерегінше елде жыл басынан бері сәбіз 45%, картоп 38%, күнбағыс майы 16%, пияз 10% және қант 9% процентке қымбаттаған.
Бауыржан Қаниев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Егер де министрлік темекі бағасына шектеу қойып отырса, ең төменгі бағаны. Неге темекіге қоясыздар? Неге азық-түлікке қоймайсыздар шектеуді? Күнде тұтынатын азық-түлікке қатаң қарау керек.
Сенат отырысында мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктер қайта бөлу туралы заң жобасы қаралды. Оның аясында Қазақстан Республикасының 46 заңнамалық актісіне, оның ішінде Бюджеттік және Қылмыстық атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Одан бөлек, Білім және ғылым, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір функцияларын жергілікті атқарушы органдарға беру қарастырылған. Сенаторлар мәселені жан-жақты талқылағаннан кейін құжатты бірінші оқылымда мақұлдап, Палатаның әрі қарай қарауына жіберді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда 14 мыңнан аса адам мәйіттік донор болуға келісім берді
02.04.2026, 20:59
Қоқыстан қалай табыс табуға болады?
02.04.2026, 20:58
Түркістанда «Жасыл аймақ» ағаш егу акциясы өтті
02.04.2026, 20:54
«Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі ашылды
02.04.2026, 20:52
Кәрім Меңдіханов Оралдағы жеке мектепте жаттыққан
02.04.2026, 20:50
Елімізде соңғы 5 жылда аутизмге шалдыққандар саны 5 есе көбейді
02.04.2026, 20:17
Қарағандыда жоғалған бала полиция мен еріктілердің арқасында аман-есен табылды
02.04.2026, 20:15
Еңбек құлдығына түскендердің арасында ІТ-мамандары басым
02.04.2026, 20:15