Басты Жаңалықтар Семейде робот-ит полицейге көмектеседі

Семейде робот-ит полицейге көмектеседі

Семейде робот-ит қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті. Қала көшелерін, адам көп шоғырланатын орындарды аралайтын робот құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі. Заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған құрылғы қоршаған орта туралы түсіріп оны жедел басқару орталығына жеткізе алады. Робот күмәнді заттарды анықтауға, түтін мен өрт белгілерін тіркеуге және қауіпті жағдай туындаған кезде тиісті дабыл сигналдарын автоматты түрде төтенше қызметтерге жіберуге мүмкіндік береді.

Елжас Смағұлов, Семей ПД цифрландыру және ЖИ басқармасының бастығы:

Олар ықтимал қауіпті учаскелерді, ғимараттар мен аумақтарды қашықтан тексеруге, бақылау жүргізуге, және бейнематериалдарды нақты уақыт режимінде беруге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе полиция қызметкерінің оқиға орнына баруын, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін жағдайларда аса маңызды.



Бөлісу