Басты Жаңалықтар Азиада: Дзюдошылар екі күміс еншіледі

Азиада: Дзюдошылар екі күміс еншіледі

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында татами шеберлері 2 күміс жеңіп алды. Әйедерден 48 келіге дейінгі салмақта белдескен Абиба Абужақынова финалда жергілікті жапон қызынан жеңілді. Жерлесіміздің алғашқы жасаған әдісі вазари ұпайымен бағаланып, артыншы төрешілер алып тастады. Одан кейін жапон қызы бірнеше рет шабуыл жасап, ақыры діттегеніне жетті. Митцуки Кондо Абибаны ұстап тұру арқылы иппон ұпайымен жеңді. Енді жерлесіміз 3 күннен кейін Бакуде өтетін әлем біріншілігіне аттанады. Ол былтырғы күмісті алтынға айырбастауды мақсат етіп отыр. Сонымен бірге, 60 келідегі Елдос Сметов та финалда сүрінді. Жарыс қожайыны әрі 48 келіде Чемпион болған Мицукидің туған ағасы Хаятоға жол берді. Айта кету керек, бұл сары құрлық бәсекесі Олимпиада чемпионының екі жылдық үзілістен кейін қатысқан екінші ірі жарысы.

Елдос Сметов, Азия ойындарының күміс жүлдегері:
Өкінішке қарай сәл мүмкіндік беріп қойдым. Қате жіберіп қойдым. Қате болғанда ол өз үйінде болғаннан кейін сәл мүмкіндікті міндетті түрде жібермей, төрешілердің бәрі жұмыс жасайды. Бұл ренжитін нәрсе емес. Екі жылдан кейінгі үзілістен кейін финалға шығу Азия ойындарында үлкен жетістік. Бұл менің спортық жолымдағы мүмкіндік. Әр адам өзінің арманына, өзінің мақсатына жету үшін күресуге құқылы. Сондықтан да мен соңына дейін күресемін.


Бөлісу