«Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітабы шықты
Алматыда тарихы терең, көне шаһар Түркістанға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік беретін бірегей кітап таныстырылды.
Тарихшы әрі зерттеуші Саттар Мәжитовтың «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» атты еңбегінде сирек фотосуреттер, архивтік материалдар және көпшілікке беймәлім тарихи деректер қамтылған. Туынды Түркістан тарихын танымал оқиғалармен ғана шектемей, өңірдің зерттеуді қажет ететін тың әрі көмескі қырларын таныстырады. Басылымда XVII–XX ғасырлардағы шетелдік және ресейлік суретші-зерттеушілердің еңбектері, аңыз тұлғалар, сәулет ескерткіштері мен бірегей жәдігерлер туралы мәліметтер ұсынылған. Сондай-ақ басылым биыл көктемде Түркістанда өткен халықаралық саммит кезінде алты мемлекет басшысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан естелік сыйлық ретінде табысталған. «Туынды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығып, киелі шаһардың шежіресі мен мәдени мұрасын шетелдік оқырманға таныстыруды көздейді», - дейді еңбек авторы.
Саттар Мәжитов, тарихшы-зертеуші, кітап авторы:
Түркістан туралы жазуға әр азаматтың құқығы бар. Бірақ үлкен батылдық керек. Құр жазып қоймай, оны әлемге насихаттау керек. Сондықтан кітап бір емес, үш тілде жарық көріп отыр. «Кітап оқитын ұлт» деген неден басталады? Ол өзінің тарихын білетін ұлттан басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы