Атырау облысында тазалықты дрондар бақылайды
Атырау облысы Мақат ауданында тазалықты енді дрондар бақылайды. Ұшқышсыз аппараттар елді-мекендерді аралап, заңсыз қоқыс орындарын анықтайды. Ақпарат арнайы жүйеге енгізіліп, жауапты мамандарға жолданады. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қолға алынған жоба үш айда 262 құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берген. Оның 197-іне ескерту берілсе, 65 тұрғынға айыппұл салынып, нәтижесінде бюджетке 3 миллион теңге өндірілген.
Нұрлан Маутқали, Мақат ауданы әкімнің кеңесшісі:
Күздің уақытында бұл дронға біз қосымша қатты сөйлеу қондырғысын қондырғалы жатырмыз. Себебі ол бізге не үшін керек? Мысалы өрт болған жағдайда қатты дауыспен барлығына сигнал беріп, алдын-алып барлығын хабарлаймыз. Дронды ұшыру бұл тек айыппұл салу емес, бұл бірінші тазалықты сақтау біздің.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкент оқушылары табиғат қорғаудың тың тәсілін ұсынды
30.09.2026, 17:38
Ыстанбұлда көлік кептелісі барған сайын күшейіп барады
30.09.2026, 17:38
Азиада: Дзюдошылар екі күміс еншіледі
30.09.2026, 17:38
Ресейде банкке қарыз қарашаның қарасы көбейді
30.09.2026, 17:37
Еуропаның автоөндірушілері тығырыққа тірелді
30.09.2026, 17:35
«Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітабы шықты
30.09.2026, 17:33
Семейде робот-ит полицейге көмектеседі
30.09.2026, 17:27
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
30.09.2026, 17:25