Ресейде банкке қарыз қарашаның қарасы көбейді
Ресейде банкке берешегі бар тұрғындардың саны күрт өсті. Тұрғындардың несие бойынша банктерге берешегі алғаш рет 45 трлн рубльге жетті. Елде инфляция да артып отыр. Ресейдегі жағдайды Индира Бегайдар зерттеп көрді.
Ресейліктердің күнделікті шығыны көбейген сайын несиеге жүгінуге мәжбүр болатындар артқан. Ресей Орталық банкінің мәліметінше елдегі банктердің бөлшек кредит портфелі бір айда алты пайызға өскен. Оның шамамен 30 пайызы – кепілсіз тұтынушылық несиелер. Ал ипотекалық қарыздың жалпы көлемі 24,7 триллион рубльге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 10,7 пайызға жоғары.
Бұл ақшаға өмір сүру мүмкін емес. Біз әрең күн көріп жатырмыз. Жетпейді. Тек нан мен жұмыртқа аламыз. Тіпті дәрі ала алмаймыз. Осындай қымбатшылықты ескерсек, зейнетақыны бірнеше есе өсіру керек.
Қарыз көлемінің өсуіне халық табысының шығынды толық жаба алмауы, тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы әсер еткен. Рубль құлдырап, доллар да қымбаттады. Санкция салдарынан қазынаға түсетін қаражат қысқарған.
Александр Аксененко, Мемлекеттік Думаның құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының орынбасары:
Өкінішке орай, қазан айында елдегі қымбатшылық артады. Әсіресе тұрғын үй үшін коммуналдық төлемдер өседі. Экономикалық көрсеткіштер төмендеді, халықтың табысы азайды. Үкімет тиісті шаралар қабылдауы тиіс.
Орталық банк жыл соңына дейін базалық мөлшерлемені көтермек. Бұл ұлттық валютаны ұстап тұру үшін қажет, - дейді мамандар. Егер базалық мөлшерлеме тағы көтерілсе, елде азық-түлік тағы пайызға қымбаттайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы