Адам құқығын қорғау саласындағы заңнама өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам құқығын қорғау саласындағы заңнама өзгереді

27.10.2021

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттілігі кеңейтіледі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасы қаралды. Еліміздегі Омбудсмен институты одан ары қалай дамитынын тілшіміз Берік Көшербай тыңдады. Қазір ол бізбен тікелей байланысқа шықты. 

Берік Көшербай, тілші:
Қазақстандағы Омбудсмен қызметі бүгін Мәжілісте жан-жақты талқыланды. Жалпы, адам құқықтары жөніндегі уәкіл елімізде 2002 жылдан бері бар. 2017 жылы оның жұмысы туралы Конституцияда да жазылды. Омбудсменді 5 жылға сайлау және қызметінен босату Сенат құзыретіне кіреді.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті дайындалған заң жобасында уәкілдің өкілеттілігін кеңейту көзделген. Енді Омбудсмен адамдардың құқығын қорғау үшін тиісті органдарға өз ұсынысын, қылмыстық іс қозғау туралы өтініш хатын жіберумен қатар сотқа да жүгіне алады. Тағы бір жаңашылдық, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің әр өңірде өкілі болады. Оны тағайындауға мәслихат келісім береді. Бұл ретте бірнеше Кодекс пен басқа заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу