Үкіметте халықты жұмыспен қамту мәселесі қаралды
Үкімет басшысы жұмыспен қамту бағдарламалары дұрыс іске аспай жатқан өңірлерді атады. Асқар Маминнің айтуынша «Еңбек» бағдарламасының орындалу жоспары Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан облысында төмен.
Ал Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» ойдағыдай іске асып жатқан жоқ. Десе де, ел бойынша көрсеткіш жаман емес. Жыл басынан бері 1 миллион адам жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, қазір еңбек нарығы бірдіндеп қалыпқа келе бастады. Сондықтан жұмыссыздық деңгейін азайту керек, деді премьер.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Өте өзекті мәселе - тұрақты жұмыс орындарын құру. Биыл кемінде 440 мың жұмыс орыны құрылуы керек. Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарында тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жақсы тәжірибе бар. Қалған өңірлер де жұмысты осы бағытта жандандыруы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
01.07.2026, 20:07
Құрылтай депуттары сайлауының күнтізбелік жоспары белгілі болды
01.07.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді
01.07.2026, 20:03
Халықтық Конституция
01.07.2026, 20:02
Қазақстан Республикасының Конституциясы заңды күшіне енді
01.07.2026, 20:01
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының үндеуі
01.07.2026, 18:54
«Заң және тәртіп» аясында Көңілді тапқырлар клубы ойын өткізді
01.07.2026, 17:38
Ел жаңалықтарына қысқа шолу
01.07.2026, 17:37