Жыл басынан бері азық-түлік 10 пайызға қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері азық-түлік 10 пайызға қымбаттаған

24.10.2021

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев апта басында көптеген азық-түлік бағасы өседі деген болжам айтты. Демек қымбаттай беретіні, әйтпесе тұрақты баға көріп тұрғанымыз жоқ – былтырдан бері баға тоқтаусыз өсіп жатыр. Ресми статистикалық мәліметтерге қарасақ та солай – жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері орта есеппен 10 процентке жуық қымбаттаған. Маңызы азықтың бірі – жұмыртқа шығаруға Жаңа жылдан бастап субсидия мүлдем берілмейді, бір данасын 50 теңгеден кем емес бағаға сатамыз дейді құс фабрикаларының қожайындары. Дүкен сөресіне жеткенше тағы қосылады, жұмыртқа «алтын» болғалы тұр.

«Жұмыртқа қуырып жей салармыз» деген тіркес қолданыста шықса, білмейміз енді. Азық-түлікті қарызға беретін дүкендердің қожайындары да «қарыз дәптерінің» қалыңдай беретініне қуанып жүрген жоқ. «Не істе дейсің, ал?» деп бар ашуын соларға төгетін борышкерлер көбеюі мүмкін. Данияр Қайыртайдың сараптамасы.

Хабарламаларға жазылу